Бас киім созылып кетпес үшін оны қалай дұрыс жуу керек?

Бас киім созылып кетпес үшін оны қалай дұрыс жуу керек?
Фото: ru.freepik.com

Бас киімді суықтан қорғану үшін ғана емес, сондай-ақ стильді көріну үшін де киеді. Бас киім де басқа киімдер сияқты ластанады. Алайда бас киімдегі ластық аса көріне бермейді. Десе де, оған шашыңыздағы тері майлары және қолыңыздағы ластық жиналатынын ұмытпау керек. Бас киім созылып және түтіктеніп кетпес үшін оны қалай дұрыс жуу керек?

Бас киімді айына бір рет жуып тұрған дұрыс. Бірақ кей материалдарды кір жуғыш машинаға салуға келмейді. Сондықтан бас киімдерді қолмен жуған жөн.

Бас киімді қалай ұқыпты жууға болады?

  1. Легенге суық су құйыңыз;
  2. Оған бір шай қасық кір жуғыш ұнтақ салып араластырыңыз;
  3. Бас киімді осы суға салып, 5-10 минутқа қалдырыңыз;
  4. Егер бас киімде дақ болса, оны қатты ысқыламай, жайлап уқалап жуып алыңыз;
  5. Содан соң сабынды суды ағызып жіберіп, таза суық су құйыңыз.
  6. Бас киімнің сабыны кеткенше осы процедураны қайталаңыз;
  7. Шайып болған соң бас киімді құрғақ таза сүлгінің үстіне қойып, артық ылғалды алу үшін жайлап қысып алыңыз. Бас киімді орап сығуға болмайды. Әйтпесе, оның материалы созылып кетеді және ол түтіктенеді;
  8. Бас киімді басқа құрғақ сүлгінің үстіне жайып қойып кептіріңіз.

Оқи отырыңыз: Дәрігер басыңызға "салқын тигенін" қалай білуге болатынын түсіндірді

А. Жапатова