"Жалғыз ұлым еді". Алматыдағы хостелде шыққан өрт кезінде қаза тапқан жігіт Ақтауда жерленді

"Жалғыз ұлым еді". Алматыдағы хостелде шыққан өрт кезінде қаза тапқан жігіт Ақтауда жерленді
Фото: Евгения Вегердің жеке архивінен

Алматыдағы хостелде шыққан өрт кезінде қаза тапқан Никита Королев Ақтауда жерленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қайтыс болған 13 адамның бірі – 20 жастағы Никита Королев. Бұл туралы оның анасы, ақтаулық фотограф Евгения Вегер әлеуметтік желіде жазды.

Фото: lada.kz

Оның сөзінше, бір күннен кейін Алматыдан Ақтауға ұшып баруы керек болған екен. Алайда өрт кезінде қаза тапқан.

Ол Никита Королев өзінің жалғыз ұлы екенін және оны 1,5 жылдан бері көрмегенін және бүгін соңғы рет құшақтағанын жазған. Ол ұлынан немере сүюді армандағанын да айтты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы өрттен қаза тапқандардың тізіміндегі Түркістан облысының тумасы тірі екенін жазған едік.

Айта кетейік, 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза тапқаны хабарлаған едік

Кейінірек қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 миллион теңге берілетіні белгілі болды.

1 желтоқсанда өртке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші ұсталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан