Дәрігер тез ұйықтап қалуға көмектесетін ерекше әдісті бөлісті

Дәрігер тез ұйықтап қалуға көмектесетін ерекше әдісті бөлісті
Фото: Freepik.com

Әлеуметтік желіде тез ұйықтауға көмектесетін ғылыми негізделген әдіс тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адамға терең, тыныш әрі тез ұйықтауға көмектесетін әдіс, ол - шегіртке секілді аяқтарды бір-біріне үйкелеу. Бұл туралы қытайлық инемен емдейтін дәрігер және физиотерапевт Эйлин Ли айтты. Оның айтуынша, бұл әдіс тез ұйықтауға көмектесіп, денсаулыққа пайдалы болады.

Дәрігер сөзінше, аяқ жүйке ұштары және көптеген массаж нүктеге бай, олар ынталандырылған кезде орталық жүйке жүйесі реттеліп, адам тынышталады. Сондықтан, аяқ мен саусақтарды жай ғана бір-біріне үйкелеу - ұйқыға тезірек кетуге көмектесетін акупунктуралық өзін-өзі массаждың бір түрі.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар аяққа шұлық киіп ұйықтаудың пайдасы туралы айтқан еді. 

Ғалымдардың айтуынша, шұлықпен ұйықтау тез, терең ұйықтап, түнде оянбауға мүмкіндік береді. Себебі дене түнде терморегуляцияға және дене температурасын төмендетуге күш жұмсайды. Ми ыңғайлы температураны - шамамен 35,8 градусты ұстап тұру үшін тамырларды кеңейтуге сигнал жібереді.

Ал түнде шұлық киіп ұйықтасаңыз, қан тамырлары тез кеңейіп, миға қосымша тапсырма берілмейді.

Тағы да оқи отырыңыздар: 3 балаға қанша алимент төленеді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә