Ғалымдар аяққа шұлық киіп ұйықтаудың пайдасы туралы айтты

Ғалымдар аяққа шұлық киіп ұйықтаудың пайдасы туралы айтты
Фото: freepik.com

Қалыпты және терең ұйқы дененің барлық жүйесінің жұмысына әсер етеді. Сымбатты болғыңыз келе ме? Жеткілікті ұйықтаңыз. Күні бойы көңілді жүруді армандайсыз ба? Жеткілікті ұйықтаңыз! Безеуді емдегіңіз келе ме? Иә, тағы да жеткілікті ұйықтаңыз. Дене демалмаса, стресс гормонын жинап, толық жұмыс істей алмайды, ұйқы қанбай, иммунитет төмендеп басқа да мәселелер пайда болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Қазіргі кезде жақсы ұйықтау кейде қиын, кейде ауыр міндет. Сарапшылар бөлмеге жарық түспеуі үшін түнде перделерді жауып, ауасы таза, жақсы желдетілген бөлмеде, демалудан бірнеше сағат бұрын құрамында кофеині бар сусын ішпей және тойып тамақтанбауға кеңес береді.

Бірақ барлық кеңесті орындағаныңызға қарамастан, сіздің әлі де ұйқыңыз қанбай немесе түнде жиі оянсаңыз, қарапайым, бірақ өте тиімді лайфхакқа жүгінгеніңіз абзал.

Түнде шұлық киіп ұйықтаңыз

Ғалымдардың айтуынша, шұлықпен ұйықтау тез, терең ұйықтап, түнде оянбауға мүмкіндік береді. Себебі дене түнде терморегуляцияға және дене температурасын төмендетуге күш жұмсайды. Ми ыңғайлы температураны - шамамен 35,8 градусты ұстап тұру үшін тамырларды кеңейтуге сигнал жібереді.

Ал түнде шұлық киіп ұйықтасаңыз, қан тамырлары тез кеңейіп, миға қосымша тапсырмалар берілмейді. Экспериментке қатысушылар 23 градус температурада ұйықтаған. Олардың ішінде шұлық киіп ұйықтағандар жалаң аяқ ұйықтағандарға қарағанда 7,5 минутқа тез ұйықтап, түнде 7,5 есе аз оянған. Жалпы ұйқы уақыты да 32 минутқа ұзарып, ұйқының тиімділігі 7,6 пайызға жоғарылаған.

Өзіңізге түнде ыстық болмас үшін табиғи материалдан жасалған, дем алатын, жанасуға жағымды шұлық таңдаңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тырнақ неге сына береді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә