Неліктен тауық етін пісірер алдын жууға болмайды? Микробиолог түсіндірді

Неліктен тауық етін пісірер алдын жууға болмайды? Микробиолог түсіндірді
Фото: azerbaijan_stockers/Freepik

Тауық етін пісірер алдында жууға болмайтынын білесіз бе? Микробиолог Примула Фристоун тауық етін тура пісірер алдын жуу ауыр ауруларға шалдығу қаупін арттыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі кезде дүкендерде сатылатын тауық еті алдын ала жуылған, пісіруге дайын күйінlе тұрады. Бұған қарамастан кейбір адамдар еттегі қауіпті микроағзаларды өлтіру үшін оны жуу керек деп санайды. Иә, тауық етінің құрамында шынымен де зиянls қоздырғыштар бар, бірақ оны жай ғана сумен жуу бактерияны кетірмейді.

Микробиологтың айтуынша, тауық сальмонелла мен кампилобактерияны тасымалдайды. Дегенмен, тауықты пісірер алдында жуу еттің бетіндегі ғана микробтарды жоя алады, ал ішіндегі қауіптілері қала береді.  Сонымен қатар, етті жуу инфекцияның таралу қаупін едәуір арттырады, өйткені жуған кезде тауық терісінен түскен қоздырғыштар бүкіл ас үйге таралуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін тауық етінің қай бөлігін жеуге болмайтыны хабарланған болатын.

Мамандардың айтуынша, тауық етінің сыртқы қабатын – қабығын жеуге болмайды екен. Піскен тауықтың сыртқы жағы тері сияқты сыпырылып тұратыны белгілі. Соны жемеген жөн көрінеді. Өйткені ол жер – тауықтың ең майлы тұсы, холестерин мен май жиналған жақ. Тағы бір айта кетерлік нәрсе,  фабрика мен өндірістен шыққан тауық етінің сыртын тауарлық кейпін сақтау үшін хлормен жуатындықтан, сыртына зиянды қоспалар сіңіп қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, тауықтың қанатын да жемеген жөн. Өйткені қанатта ет болмайды, өте аз болады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бас неге ауырады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә