"Көліктен шыққаныма 5 минут болды". Құлаған кран кесірінен опырылған көлік иесі сұмдық оқиға туралы айтты

"Көліктен шыққаныма 5 минут болды". Құлаған кран кесірінен опырылған көлік иесі сұмдық оқиға туралы айтты
Фото: Видео кадры

Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Құлаған кран кесірінен опырылған көлік иесі сұмдық оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Куәгер "Наша газета" басылымына берген жауабында көліктен шыққанына 5 минут болғанын айтты. 

"Көлікті сатуға қойғам. Оның ішінде балалардың киімі болған. Балам мектептен келді, көлікке барып киімдерді алдым. 5-7 минут өткен еді. Түс болды ғой, балаға тамақ беріп отырғанмын. Бір кезде шу шықты, кран құлап жатыр. Құрылыс салушыны сотқа беремін, көлігімді көрдіңіз бе? Кейінгі бір жылдағы алғашқы өлім емес", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наша Газета|Новости| Костанай (@ng.kz_)

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмғаны хабарланған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек