Күрт салмақ жинау қандай ауруға шалдыққаныңыздың белгісі болуы мүмкін?

Дұрыс тамақтанып, жаман әдет болмай, күнделікті белсенділіктің қалыпты деңгейіне қарамастан, адам артық салмақтан зардап шексе, бұл ішкі ағзаның не жүйенің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай семіздік қайталама деп аталады және белгілі бір аурудың асқынып жатқанының белгісі.

Семіздіктің себептері

Артық салмақпен байланысы болуы мүмкін аурулар:

  • Иценко-Кушинг ауруынан туындаған бүйрек үсті безі гормондарының (ең алдымен кортизол) шамадан тыс секрециясы;
  • бүйрек үсті безінің қыртысының гиперплазиясы;
  • бүйрек үсті безінің қыртысының ісігі;
  • психикалық немесе неврологиялық бұзылулар;
  • алкогольді жиі ішу;
  • глюкокортикостероидтарды қабылдау арқылы.

Шамадан тыс картизол мөлшері

Кортизол, қалқанша безді ынталандыратын гормондар сияқты, липид алмасуға қатысады. Ол май тінінің жасушаларының саны мен мөлшерінің артуына әсер етіп, сонымен қатар тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендетеді.

Ағзада кортизол мөлшері шамадан тыс екеніне артық майдың негізінен іш, кеуде және мойын аймағында жиналып, ал қалған бөліктердің арық болуы белгі бола алады.

Қант диабеті

Салмақтың күрт өсуінің тағы бір себебі – инсулинге төзімділік. Инсулин гормонын ұйқы безінің жасушалары шығарады және қандағы глюкоза мен басқа қоректік заттарды жасушаларға тасымалдайды. Мұндац кезде қант жасушаларға тасымалданбай, ағзада жинала береді, бұл созылмалы гипергликемияны тудырады (қандағы қант деңгейінің тұрақты жоғарылауы).

Қалқанша безі жұмысының бұзылуы

Екіншілік семіздіктің даму себебінің бірі - қалқанша безі жұмысының бұзылуы. Ол зат алмасуды реттейтін қалқанша безді ынталандыратын гормонның бөлінуіне жауап береді. Егер гармондар жеткіліксіз өндірілсе, зат алмасу жұмысы баяулап, салдарынан артық салмақ, шаршау, апатия, бұлшықет әлсіздігі секілді белгілер пайда болады. 

Қалай алдын алуға болады?

Мұндай ауруларға шалдығудың алдын алу, семіздіктен зардап шекпеу үшін тұрақты түрде медициналық тексеруден өту керек. 

Егер салмақтың күрт өсуіне себеп болған ауруды анықтай алсаңыз, мүмкіндігінше тезірек ем алуға тырысыңыз. Өйткені семіздік асқынатын болса, ол жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеп соқтыруы мүмкін. 

Сондықтан дене салмағының индексін (ДСИ) қадағалап, бойыңыз бен салмағыңызға сәйкес салмақты сақтап қалу үшін күш жұмсау керек. Егер мамандандырылған тамақтану және спортпен шұғылдану семіздікпен күресуге көмектеспесе, медициналық көмекке немесе хирургиялық араласуға жүгіну үшін бариатриялық хирургпен кеңесу ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін артық салмақ жинауға ұйқының әсері қандай екені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қарагие ұлттық ойынының ережесі қандай?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!