"Көбі - Қазақстан азаматтары" - Алматы әкімі Досаев өрт туралы

Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Шетел азаматтарынның жақындары үшін жедел желі ашыла ма?", - деп сұрады журналист. 

"Көбі - Қазақстан азаматтары. Бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден. Қалғанының құжаттарын қарап жатыр", - дейді Досаев. 

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды.

Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. 

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, қалалық ТЖД өкілдері министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан хостелге келе жатқанын мәлімдеді. 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.

Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді. Хостел әкімшілігі де өртке қатысты ақпарат берді.

"Әкімшілікте барлық ақпарат бар. Кім тұрды, қайда тұрды. Мұнда студенттер мен жастар тұрды. 25 жасқа дейінгілер тұрды. 0-қабатта тоққа қатысты мәселелер болған", - деді олар.

Айта кетейік, өрт шыққан хостел аймағында тұрғындарға еріктілер көмектесіп жүр.

Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз