18 жастағы алматылық 50 Cent-тің концертіне жалған билеттер сатқан

18 жастағы алматылық 50 Cent-тің концертіне жалған билеттер сатқан
Фото: ПД

Алматыда концертке жалған билет сатқан алаяқ әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылған 18 жастағы Л. азаматтарды алдаған. Ол онлайн әрекет етіп, билеттерге тапсырыстарды Instagram арқылы қабылдаған. Ал әлеуметтік желіде ауқымды жарнама жасау үшін SMM менеджерін жалдапты. Қалалық криминалдық полиция басқармасы мәліметінше, күдікті ұсталды.

"Қазір Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олардың кейбіріне 50 Cent-тің концертіне жалған билеттер сатылған. Басқа жәбірленушілерді анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ташкентте 25 қарашада Jah Khalib лақапатымен танымал қазақстандық рэпер Бақтияр Мамедовтың концертінің алдында шу шыққаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова