Қазақстандық әнші Jah Khalib-тің концертінің алдында шу шықты

Қазақстандық әнші Jah Khalib-тің концертінің алдында шу шықты
Фото: © upl.uz

Ташкентте 25 қарашада Jah Khalib лақапатымен танымал қазақстандық рэпер Бақтияр Мамедовтың концертінің алдында шу шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Upl.uz-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде "Хумо Арена" спорт кешенінің кіреберісінде түсірілген видеолар тарады. Дәл осы жерде халық көп жиналған. Концертке алыпсатарлардан билет сатып алғандардың көпшілігі концертке кіргізілмей қалған.

Бұл жағдайға Өзбекстанның Ұлттық ұлан басқармасы өкілдері пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікке ілінгендер оқиға орнынан қауіпсіз жерге шығарылған, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова