"Несіне өсіріп алған?" Әнші Ұланғасыр Қами шаш үлгісін сынағандарға жауап берді

Әнші Ұланғасыр Қами шаш үлгісін сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, әншінің тыңдармандары Ұланғасыр Қамидің шаш үлгісін сынап жүр. 

"Шашы жаман көрінеді. Несіне өсіріп алған?"

"Ұланғасыр, тез арада шаш үлгісін өзгерту керек"

"Шашты алшы, апа сияқты", - деген пікірлер жазылған. 

"Көптің көкейінде жүрген сұрақ негізі. Шашыма тиісіп те жатады. Өнер адамы болған соң имидж деген болады. Сол үшін әрқашан өзгерісте жүргенді қалаймын. Негізі өз шашым бұйра емес. Бұйра емес шашты күнде бұйралап, тойға, концертке бару да оңай емес. Бірақ тырысып жүрмін. 

Ку Чун Пенің (корей дорамасындағы кейіпкер-еск.) шашына ұқсатып жатыр екен. Шынымен ұқсайды екен. Бірақ Ку Чун Пены естігеніммен ол киноны көрмеппін. Сондықтан мен ешкімге еліктемеймін", - дейді әнші. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!