Терапевт қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін өнімді атады

Терапевт қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін өнімді атады
Фото: Freepik.com

Терапевт Оксана Драпкина артық салмақпен күресуге ғана емес, қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін өнімді атады. Бұл туралы дәрігер Telegram арнасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, көкөніс пен жасыл шөптердің бағасы айтарлықтай көтерілді, егер әрдайым балғын көкөніс алуға жағдайыңыз болмаса, жасымық таптырмас нұсқа. Жасымық құрамында ішек, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын, буын мен сүйекті нығайтатын көптеген пайдалы компонент бар.

"Жасымықтың қай түрі, яғни қызыл, жасыл, қоңыр болсада оның басты артықшылығы - ақуыздың жоғары мөлшері: 100 грамм күнделікті тұтынудың үштен бірі", - дейді дәрігер.

Маман сөзінше, жасымықтың ақуызы оңай сіңеді. Аминқышқыл құрамы жағынан еттен кем түспейді, бұл оны спортпен шұғылданатындар, ет жемейтіндер және ораза ұстайтындар үшін таптырмас өнім етеді.

Сонымен қатар, жасымықта көптеген күрделі көмірсу бар. Ол глюкозаның сіңуін баяулатады, осылайша қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеседі.

Терапевт сау ересек адамға аптасына 2-3 рет 200 грамм жасымық тұтыну жеткілікті екенін жеткізді. Мұндай бөлік денені көптеген қажетті элементпен толық қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бұған дейін қандағы қант деңгейін түсірудің қарапайым 3 әдісі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Нұралы хан Пугачев бастаған көтерілісті қандай мақсатта қолдады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә