Қандағы қант деңгейін түсірудің қарапайым 3 әдісі

Қандағы қант деңгейін түсірудің қарапайым 3 әдісі
Фото: pixabay.com

Қандағы қант деңгейін түсіруге гормондар көмектесетінін білеміз, алайда глюкоза деңгейін табиғи әдістер арқылы да қалыпта ұстауға болады. Бұл қарапайым әдістер қандағы қант деңгейін түсіріп қана қоймай, сондай-ақ арықтауға және өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.

Тамақтан кейін серуендеу

Диабеттің алдын алғыңыз келсе, физикалық белсенділікке уақыт бөліңіз. Себебі бұлшықеттер жұмысы мен қанайналым қандағы қант деңгейін түсіруге көмектеседі. Егер жұмыс кестеңізбен жаттығу залына баруға мүмкіндік болмаса, түскі астан соң сыртқа шығып серуендеп келіңіз. 

Суды көп ішу

Дәрігерлер науқастарға қандағы қант деңгейін бақылауда ұстау үшін рациондағы көмірсулар, калория және қантты шектеу қажет екенін айтады. Ал суды керісінше, көп ішкен пайдалы. Себебі бүйрек суды қаншалықты көп қолданса, ол қантты соншалықты жақсы шайып шығады.

Уақытында ұйықтау

Жақсы түнгі ұйқы хал-жағдайды, соның ішінде глюкоза көрсеткішін қалыпқа келтіреді. Тәулігіне жеті сағаттан аз ұйықтау инсулинге төзімділікті арттырып, келесі күні сіздің аш болып оянуыңызға әсер етеді. Ал ол дұрыс емес тамақтануға және құрамында көмірсулары мен қанты көп өнім жеуге итермелейді. Бір күнде ұйқы әдетін өзгерту мүмкін емес, алайда күнде бір уақытта жатып, ұйқы сапасын жақсартуға тырысыңыз.

Оқи отырыңыз: Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?

А. Жапатова