Кеудесінен ұстаған: ер адам тал түсте қызға тиіскен

Әлеуметтік желіде Ташкентте болған оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адам көшеде қызға тиісіп, кейін кеудесінен ұстаған. Алайда куәгерлер қызға көмектесіпті.

Видеоны зорлық-зомбылыққа қарсы жоба "Не молчи.уз" жариялады. Олар қазір зардап шеккен қызды және болған оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Видеоны түсірген адам оқиға барысы туралы баяндады.

"Куйлюк 2-массиві, ер адам жолда қызға тиісе бастады, камерама оның қашып кеткен сәті түсіп қалды. Қыз ер адам кеудесінен ұстағанын айтқанын естідім. Ол шошып кеткен. Мен тоқтағым келді, бірақ жанында адамдар болғанын көрдім", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін астаналық студент медицина университетінің оқытушысы тиіскенін айтқаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!