"Қолын салып, төсімді ұстай бастады". Астаналық студент медицина университетінің оқытушысы тиіскенін айтты

"Қолын салып, төсімді ұстай бастады". Астаналық студент медицина университетінің оқытушысы тиіскенін айтты
Фото: Көрнекі сурет. Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Астанадағы медицина университетінің студенті Аида Жампейісова әлеуметтік желіде 17 қарашада оқытушының тиіскенін айтты. Бойжеткеннің айтуынша, 60 жастағы оқытушы медициналық тексеруді желеу етіп, қыздың кеудесін ұстаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кабинетте екеуміз ғана болдық. Ол өзіне қиын екенін айтып, менен терезені жабуды өтінді. Бұрылып қарағанымда жамбасыма қарап тұрғанын түсіндім. Кейін ол денсаулығым туралы сұрады, себебі мен бұған дейін анализ тапсыру үшін сұранған едім. Мен цистит екенін айттым. Ол "ішің ауырмай ма?" деп қолымен ішімді ұстай бастады да, төмен қарай түсе берді. Кейін ол "жүрегің мен өкпең ауырмай ма?" деп сұрады. Мен ауырмайтынын айттым, ол тыңдап көруді ұсынды, мен оны түсінбедім. Ол кабинетті құлттады да бюстгальтерді шешсін деді. Мен қорыққаннан бюстгальтерді көтердім, ол мен отырғызып қойып, жейдеме қолын салып, төсімді ұстай бастады. Мен қорқып тұрғанымды, ұялып тұрғанымды айттым", - деп жазған студент.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dr. Aida Almasovna (@aidaznp)

Мұғалімнің ұлы Орхан Исмаилов әкесіне тағылған айыптың барлығын жоққа шығарады. Оның айтуынша, Жампейісова тексеруге өз еркімен келісім берген. 

"Екеуінің әңгімесі кезінде ол анамнез жинап, сонымен қатар, студенттің жағдайына алаңдап, оны тексеруді және кез келген патологияның алдын алуды ұсынды. Қыз келіскен. Жедел хирургиялық патологияны болдырмау үшін пальпация жасалды. Одан кейін студентті толық тексеруді жүргізген: жүрек, өкпе, фонендоскоппен аускультация... Өкпе мен жүректің аускультациясы фонендоскоппен жүргізіледі және әйелдердің сырт киімдері мен бюстгалтерлерін шешуді талап етіледі", - деді Исмаилов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Исмаилов Орхан Алышаноглы (@dr.orkhan_ismailov)

Аида Жампейісова полицияға хабарласқанымен, Сарыарқа аудандық бөлімшесі бастапқыда істі есептен шығарған. Көпшіліктің наразылығынан кейін Алышан Исмаилов жұмыстан қуылды. Астана медицина университетінің тәртіптік комиссиясы оның тарапынан этикалық кодекс пен академиялық саясат кодексінің бұзылғанын анықтады.

Полиция департаменті өкілдері бұл іске қатысты пікір білдірді.

"Медициналық университет студентінің арызы бойынша Сарыарқа аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша соталды  тергеуді бастады.

Соталды тергеп-тексеру шеңберінде істің мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып, соталды тергеп-тексерудің толық екенін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек