Қан аралас нәжіс, диарея: тік ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

Қан аралас нәжіс, диарея: тік ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?
Фото: Lifestylememory/Freepik

Тік ішектің қатерлі ісігі - бұл екі жыныс өкілдерінде де жиі кездесетін ауру. Ісік жамбас қуысында, сегізкөз және құйрықтың алдында орналасады. Онкологиялық аурудың бұл түрінің алғашқы белгілері қандай, ол ненің әсерінен туады және алдын алу үшін не істеу керек?

Тік ішек қатерлі ісігінің пайда болуына әртүрлі себеп әсер етеді. 

  • Колоректальды қатерлі ісік қаупін арттыратын тамақтану ерекшеліктері;
  • тұтынатын тағамда жануар майының басым болуы мен оның көп мөлшері;
  • өсімдік талшығының тапшылығы;
  • көп тамақ жеу;
  • алкогольді көп ішу.

Бұл аурудың тұқым қуалайтынын ғалымдар дәлелдеген. Аурудың дамуының басқа да факторлары:

  • аденома, полип, тік ішектің қатерсіз өсінділерінің болуы;
  • созылмалы колит;
  • Крон ауруы;
  • канцерогендердің әсері;
  • иммундық жүйенің жетіспеушілігі;
  • созылмалы инфекциялық процестер;
  • ағзаның адам папилломавирусымен зақымдануы;
  • әйелдерде сүт безі немесе жыныс тіндерінде қатерлі ісіктің болуы;

Әсіресе полиптерге назар аударған жөн, өйткені ісік көбінесе полип орнында пайда болады.

Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Басқа онкологиялық процестер сияқты, тік ішек қатерлі ісігінің де бастапқы кезеңінде ешқандай белгі болмайды. Кейінірек, ісік дамып болған кезде ауру белгі бере бастайды:

  • қан аралас нәжіс;
  • анустан сұйықтық ағу;
  • нәжіс бұзылады, диарея пайда болады;
  • іш ауырады;
  • себепсіз салмақ тастау;
  • әлсіздік;
  • анемияның жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, ентігу, терінің бозаруы, ұйқышылдық және летаргия сияқты белгілері.

Кейбір адамдар ағзасындағы өзгерістерді байқағанымен, оған мән бермей жүре береді.  Дегенмен кез келген онкологиялық ауруды емдеудің жалғыз жолы - ауруды уақытылы, асқынбай тұрып анықтау екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан тәуекел тобындағы және жасы 40-45 асқан адамдар профилактикалық колоноскопиядан өтіп тұрғаны абзал.

Тіпті ең сапалы көрсетілген емнің өзі ағзаның қатерлі ісік торы қалатынын жоққа шығара алмайды. Оларды анықтау мүмкін емес. Сондықтан қатерлі ісікті жеңіп, айықсаңыз да кезекті медициналық тексерілуден өтіп тұру қажет. 

Ауруға шалдығудың қалай алдын алуға болады?

  • Құрамында талшық деңгейі жоғары теңдестірілген тағам тұтыну;
  • полип, созылмалы қабынуды ерте анықтауға арналған профилактикалық колоноскопия;
  • стресстен аулақ болу, дұрыс ұйықтау және қалыпты физикалық белсенділік;
  • зат алмасуды қалыпты ұстау;
  • HPV инфекциясының алдын алу;
  • канцероген мөлшерін азайту қажет;
  • иммундық жүйені сақтау және нығайту.

Айта кетейік, бұған дейін өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жердің ішкі құрылымын қалай зерттейді? 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә