Жөтел кезіндегі қақырық: өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

Жөтел кезіндегі қақырық: өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?
Фото: Freepik.com

Кейде адамдар бойындағы өзгерістерді байқаса да, оны елемей жүре береді. Ал онкологиялық аурудың кез келген түрін жеңу үшін науқас уақытылы ем қабылдауы қажет. Сондықтан Massaget.kz тілшісі адам өлімінің ең көп таралған себебінің бірі өкпе қатерлі ісінігінің алғашқы белгілері қандай болатынын анықтап көрді.

Өкпе қатерлі ісігі - өкпе тінін құрайтын қалыпты жасушалар өзгеріп, бақылаусыз бөлініп, қатерлі ісік түзе бастайтын ауру.

Қатерлі ісік тұқым қуалайтын ауру болғандықтан, егер жақын туыстарыңыздың бірі онкологиялық аурудың бір түрімен ауырса, сіздің де ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Сондықтан ауру тудыруы мүмкін факторларға тұқым қуалайтын бейімділік, ұшпа канцерогендермен үнемі байланыста болу, кеуде қуысының шамадан тыс сәулеленуі, генетикалық бұзылу, вирус, алкогольді шамадан тыс ішу және жеткіліксіз тамақтану  жатады.

Тәуекел тобында:

  • 40 жастан асқан темекі шегушілер;
  • маскүнемдер;
  • өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бар науқастар;
  • жоғарғы тыныс жолдарының және өкпенің онкологиялық аурулары бар науқастар;
  • отбасылық бейімділігі бар адамдар;
  • асбест, радон, мышьяк, шаңмен үнемі байланыста болатын адамдар;
  • әлеуметтік жағдайы төмен адамдар бар.

Ал адамның іс-әрекетіне қатысы жоқ факторларға 50 жастан асқан жас, эндокриндік бұзылулар, өкпенің созылмалы аурулары жатады.

Өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

Өкпе қатерлі ісігінің байқалатын белгілерінің болу-болмауы оның даму кезеңіне, жақын не алыс орналасқан ішкі органдардың қатысуына байланысты.

Асимптоматикалық кезеңде не белгі мүлде болмайды не белгі мән беріп, айтарлықтай айқын емес, сондықтан адам оларды аурумен емес, көбінесе қарапайым шаршаумен байланыстырады. Оларға ұйқышылдық, әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту жатады.

Өкпе қатерлі ісігінің ең көп тараған белгілері:

  • Шырышты-іріңді қақырық шығатын сирек жөтел;
  • қан аралас қақырық не түкірік;
  • дауыстың қарлығуы;
  • субфебрилитет;
  • кеуде тұстың ауыруы;
  • ентігу.

Қатерлі ісік пневмониясы, плеврит, өкпеден қан кету секілді келесі белгілер аурудың асқынуымен байланысты.

Өкпе қатерлі ісігінің қалай алдын алуға болады?

  • Зиянды әдеттерден, ең алдымен темекі шегуден бас тарту;
  • Салауатты өмір салтын ұстану: дұрыс тамақтану, күнделікті физикалық белсенділік, жиі таза ауада серуендеу;
  • Бронх аурулары созылмалы түрге ауыспау үшін оларды уақытында емдеңіз;
  • Терезе ашып, бөлменің ауасын тазартып тұрыңыз, сондай-ақ пәтерді күнделікті ылғалды тазалау;
  • Зиянды химиялық заттар және ауыр металмен байланыстан аулақ болған жөн. Ал егер осындай жұмыс істейтін болсаңыз, респиратор, бетперде секілді қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолдану қажет.

Айта кетейік, бұған дейін сізде қатерлі ісік бар-жоғын қалай анықтауға болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Күнде фастфуд жесе не болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә