"Келін алған жақсы екен". Роза Әлқожа ене болған қандай екенін айтты

"Келін алған жақсы екен". Роза Әлқожа ене болған қандай екенін айтты
Фото: Видео кадры

Жақында келін алған Роза Әлқожа ене болған қандай екенін айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Роза Әлқожа Instagram-парақшасында жазба жариялап, келін алған қандай екенін бөлісті. 

"Неше күнгі шаршау басылып, қыздармен құт қалтаға келдік. Келін алған жақсы екен. Қазанды ошағымен, үйді балалармен бірге Әсеміме тапсырдым", - деп жазған әнші.  

Еске салайық, Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы Бейбарыстың үйлену тойы биыл 15 қарашада Алматыдағы зәулім мейрамханалардың бірінде өткен еді. Қалыңдықтың есімі - Әсем. 

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, пікір қалдырған. 

"Жақсы болған екен. Ұзағынан сүйіндірсін. Балаларың бақытты болсын, айналайын", "Құтты болсын! Дос-жаранмен шаршауды басып, рахаттанып ішкен шай тәтті болсын!" "Құтты болсын! Адал келін болсын", - деп жазған олар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек