Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы шаңырақ көтермек

Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы шаңырақ көтермек
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожаның ұлы шаңырақ көтермек. Бұл ақпаратты өнер иесінің күйеуі Айдын Қаба растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы Бейбарыстың үйлену тойы биыл 15 қарашада Алматыдағы зәулім мейрамханалардың бірінде өтеді. Қалыңдықтың есімі - Әсем. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Роза Әлқожа өзіне қандай келін іздейтінін айтқан еді. 

"Енді мен қазір қыз көріп жүрмін. Қазақта күшті "қыз көру" деген дәстүр бар. Мен Барсқа (ұлы - еск.) "қазақ жылқы сияқты" деп айтамын. Адам бір жылқыны аларда да, оның тұқымына назар аударады. Бірақ адам жас кезінде жұбын таңдай алмайды. Сондықтан қазақтың бұрынғы дәстүрі дұрыс деп ойлаймын. Білетін жерден, өсіп-өнген жерден алған дұрыс. Өйткені ол тек баланың тағдыры емес, ол - менің үйімнің, немерелерімнің, менің тағдырым", - дейді өнер иесі. 

Өнер иесі баласына қандай өсиет айтатыны айтты. 

"Өз адамыңды таңдаған кезде де, кәсіп таңдаған кезде де қасыңда білімді, ақылды, көзқарасы сәйкес келетін адам іздейсің ғой. Үйлесім деген нәрсе болу керек. Сондықтан асықпа деймін", - дейді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек