Мына ұйқы қалыптары бетіңізде әжімнің шығуына түрткі болады

Мына ұйқы қалыптары бетіңізде әжімнің шығуына түрткі болады
Фото: wayhomestudio/Freepik

Бет терісінің жас күйде қалуына күн, күтім, тамақтану секілді көптеген фактор әсер етеді. Бет күтімі бойынша маман Кейт Керр бетіңізге әжімнің шығуына ұйықтау қалпыңыз да әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, адам ішпен (екі бетпен) немесе бір жанымен жатып, ұйықтайтын болса, оның бетінде тік қатпарлар пайда болады. Бұл алдымен мұрыннан ерін бұрышына дейін шыққан уақытша қатпар болуы мүмкін, бірақ кейінірек ол теріде із қалдырады.

Сонымен қатар, окулопластикалық хирург Марьям Замани бір жанмен жатып ұйықтау белгілі бір аймаққа қысым жасап, салдарынан қатпар мен әжім шығуы мүмкін деп қосты.

Бұл көз, ерін және беттің асимметриясын нашарлатады. Жасы ұлғайған сайын асимметрия айқынырақ болады, оған қоса терінің серпімділігі төмендейді, яғни статикалық сызықтардың ылғалдануы және түнгі ұйқыдан кейін қалпына келуі ұзағырақ болуы мүмкін.

Мамандар бет терісін жас күйде сақтау үшін арқамен ұйықтауға кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін әжімнің ерте түсуіне ықпал ететін тағам тізімі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Абьюзердің белгілері қандай?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә