Ерте әжім түсуіне ықпал ететін тағамдар

Ерте әжім түсуіне ықпал ететін тағамдар
Фото: pixabay.com

Көпшілік әйел бетіндегі әжімді көргенде көңіл күйі түседі. Әдетте, беттегі әжімнің терең және айқын бола түсуіне адамдардың өздері кінәлі. Сұлулығыңызға зиян келтіретін өнімдерді ұсынамыз.

Кофеин

Үлкен қалаларда тұратын адардардың көпшілігі кофе ішкенді жақсы көреді. Алайда кез келген кофеині бар сусындар теріні құрғақ етеді, ал ол әжімді көбейтеді. Бұл қара және көк шайды жақсы көретіндерге де байланысты. Себебі бұл сусындардың құрамында да кофеин бар. Әрине, көк шайда кофеин азырақ, бірақ оны да шамадан тыс көп ішуге болмайды. Сондықтан кофеині бар сусындарды азайтыңыз және теріні қосымша ылғалдандырыңыз.

Қант

Қанттың зияны жайлы бәрі біледі. Қант денсаулыққа қана емес, тері жағдайына да зиян. Қант көптеген тағамның құрамында бар екенін ұмытпаңыз. Сондықтан ол мөлшерден бөлек шайға қант салып ішудің қажеті жоқ және торт, тәтті пісірмелер, печеньелерді сатып ала бермеген жөн.

Сүт

Сүт және сүт өнімдері адамның өсу процесі кезінде ағзаға шынымен де пайдалы, бірақ 25 жастан кейін тұтынатын сүт мөлшерін азайтқан дұрыс. Себебі құрамында лактозасы бар өнімдер тотығу процестерін күшейтеді, ал ол ерте әжім пайда болуына, терінің құрғақтығына және басқа да тері проблемаларына әкеледі.

Алкоголь

Алкоголь кез келген мөлшерде сіздің денсаулығыңызға және сұлулығыңызға зиян. Алкоголь бос көмірсулардан тұрады. Ол коллаген өндіруімен байланысты проблемалар тудырады. Тері сұлулығын сақтағыңыз келсе, алкогольден мүлдем бас тартқан жөн.

Ерте қартаюға әкелетін күнделікті әдеттер жайлы оқи отырыңыз.

А. Жапатова