Алматы - Қорғас тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы - Қорғас тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Polisia.kz

Алматы - Қорғас тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина