"Жоқ" деп айта алу бетпақтық емес". Ләйлә Сұлтанқызы қыздарға кеңес берді

"Жоқ" деп айта алу бетпақтық емес". Ләйлә Сұлтанқызы қыздарға кеңес берді
Фото: instagram.com/sultankyzy

Танымал тележүргізуші, актриса Ләйлә Сұлтанқызы қыздарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы тележүргізуші Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Сіңліме… Керегін аларсың, жетпегенін анаң қосар. Қыздың жолы ғана емес, ғұмыры да жіңішке. Өзінің де, өзгенің де тарапынан сәл дұрыс емес қадам оны үзіп алуы мүмкін. Оған қорған болып, қабілеті қырық жанның көзіндегі отты сөндіріп алмау, қолдау, аялау - азаматтың міндеті. Қыздың бақыты мен тыныштығы - әке, іні, жардың құрметі, жауапкершілігі, сыйластығы. Кез келген ізгіліктің бастауы - тәрбие", - дейді ол.  

Ләйлә Сұлтанқызының қыздарға арналған 20 кеңесі:

  • Әкеңе ұқсайтын жан іздесең, тапқан кезде, әкеңді сыйлағандай сыйла. 
  • Махаббат - сүйісу мен құшақтасу ғана емес, одан кейінгі әңгімеңнің жарасуы. 
  • Қақпағы ашылған бөтелкенің аузынан, бөтен біреу ұсынған бокалдан ешқашан ішпе. Өмірің 180 градусқа өзгеруі мүмкін. 
  • Ішкиіміңнің суреті көрінген жерде жүрмесін десең, араласатын жігітіңе әлеуметтік желіде ашылып, тым қарапайым болма.
  • Аяғыңды жылы ұста. Ертең аурушаң болып, бала көтере алмасаң, қайын жұртыңа сөз боласың...
  • Уақытың болса, энергияң жетсе, спортпен айналыс. Кейін босанған соң "қарным салбырап кетті" деп ренжімейсің. 
  • Құқығыңды біл! Өзгенің шекарасына өзің кірме, өз шекараңа рұқсатпен кіргіз. 
  • Ортаңды сарала. VIP казашканың да балаларына кейін абыройлы мама/әже керек. 
  • Сіңлім, тісіңді күт, ақшаңды одан аяма. Есесіне, ішің ауырмайды және өзіңе де жағымды болады. 
  • Тырнағың мен шашың үнемі таза болсын. Әйтпесе, болмайтын жерден абыройыңа кір келеді. 
  • Қылықтылық, нәзіктік трендте. "Үлкеннің алдын кесіп өткенде тұрған ештеңе жоқ" деп ойларсың, бірақ шешеңе "мына қыздың анасы айтпаған ба?" деген сөз тигізіп алма. 
  • TikTok-тағы стримді сағаттап көргеннен байымайсың. Оның жаманы жұқпасын десең, өзің тек жақсыны бөліс. 
  • 2 сағат құрбыңмен өсек айтқанша, 20 ағылшын сөзін жаттасаң, шетелде аудармашысыз жүресің. 
  • Артық тиыныңа жаңа киім алмай, жинай берсең, өз пәтеріңді аласың. 
  • Даусыңды шығарып, әр әрпің естілетіндей сөйле. Анық әріп - ашық ой. 
  • "Жоқ" деп айта алу бетпақтық емес. 
  • Боғауыз сөздерден аулақ бол, жаным. Аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шыққаннан белая, пушистая болмайсың. 
  • Кірпік пен ерін жасату қиын емес шығар, бірақ қалпына келтіру қымбат. 
  • Болашақ жарыңды, күйеуіңді, бауырыңды, әкеңді күтуге болады. Бірақ қаңғыбас жігітіңді кезекті қыдырыстан күтпе! 
  • Сыйлы болу үшін жүлік болудың қажеті жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек