Нұрсұлтан Назарбаев келді: Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Болат Назарбаевтың жаназасы өтіп жатыр. Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды баяндайды.

Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, інісі Болат Назарбаевтың жасаған жақсылықтары туралы сөз қозғады. 

Алайда тілшілер өте алыс тұрғандықтан экс-прездентті көру мүмкін болмады. 

Артынша премьер-министр Әлихан Смайылов та сөз сөйледі.

Артынша молда құран оқып, Болат Назарбаевтың жаназасы өтті.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша Болат Назарбаев қайтыс болғаны расталды

"Бәріне өзім жеттім". Болат Назарбаев туралы не белгілі?

Болат Назарбаев 2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!