Оралда жантүршігерлік жол апатына түскен ер адам көлікте қысылып қалған 

Оралда жантүршігерлік жол апатына түскен ер адам көлікте қысылып қалған 
Фото: БҚО ТЖД

Оралда жантүршігерлік жол апатына түскен ер адам көлікте қысылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап. 

Құтқарушылар ер адамды көліктен алып шықты.

Биыл 14 қарашада 101 пультіне сағат 01:52 Құрманғазы және Сарайшық көшелерінің қиылысында жол апаты болғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар Nissan және Skoda автокөліктерінің арасында қақтығыс болғанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы болған кезде автокөліктерде 2 жүргізуші және 1 жолаушы болған.

Құтқарушылар жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктердің бірінде қысылып қалған 1995 жылғы туған ер адамды гидравликалық құралдардың көмегімен құтқарып, дене жарақатымен жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Неліктен жұлдыздарды бақылау үшін горизонталь координаталар жүйесі енгізілген?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек