Тоқаев Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайды - Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды", - деді Берік Уәли.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша Болат Назарбаев қайтыс болғаны расталды

"Бәріне өзім жеттім". Болат Назарбаев туралы не белгілі?

Болат Назарбаев 2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!