Жұлдызнама белгісі бойынша кімдер ең жақсы күйеу болады?

Жұлдызнама белгісі бойынша кімдер ең жақсы күйеу болады?
Фото: ru.freepik.com

Эзотериктердің айтуынша, кей жұлдызнама белгілері басқаларына қарағанда мінсіз күйеу болады. Олар өздерінің екінші жартысы үшін бәріне дайын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Unian-ға сілтеме жасап.

Бикеш

Бикештерді қарама-қайшы жұлдыз белгісі деп санайды. Алайда Бикеш-ерлер өздері таңдаған серіктеріне өте қамқор келеді. Ол оның барлық эмоциясын түсінеді.

Астрологтардың айтуынша, бұл жұлдыз белгісі өкілдерімен әңгімелесу үшін ортақ тақырып табу оңай және олар барлық түсініспеушілікті жылдам шешеді. Бірақ ер Бикештер тек бір нәрсені – сатқындықты кешірмейді.

Таразы

Астрологтар Таразы-ерлер өте салмақты көрінетінін айтады. Бірақ олар тек бірінші танысқанда солай көрінуі мүмкін. Олар өздерінің екінші жартысы үшін тау қопаруға дайын. Олар ғашық болса, бұл ұзаққа деген сөз.

Сондай-ақ олар жомарт және сыйлыққа ешқашан ақша аямайды. Оған қоса, бұл жұлдыз беглісі өкілдері тосынсый жасағанды жақсы көреді. Алайда олар өтірікті жек көреді, сондықтан егер әйел оны алдап жүргенін түсінсе, бірден барлық байланысты үзеді.

Суқұйғыш

Бұл жұлдыз белгісі өкілдері отбасылық өмірін ертегіге айналдыруға тырысады және сүйіктілері үшін бәріне дайын.

Бірақ бұл жұлдыз белгісі өкілдерін ренжіту оңай. Олар сынды көтере алмайды және егер серігі оған талап қоя бастаса, оның одан қатты көңілі қалуы мүмкін. Сондықтан жанжалдасу және кінәлау Суқұйғыш-ерлерге арналмағанын ескеру қажет.

Оқи отырыңыз: Астролог ең жақсы келін болатын жұлдыз белгіні атады

А. Жапатова