Астролог ең жақсы келін болатын жұлдыз белгіні атады

Астролог ең жақсы келін болатын жұлдыз белгіні атады
Фото: ru.freepik.com

Жұлдыз белгісі бойынша кімдер жақсы келін болады? Ол туралы тәжірибелі астролог Индира Садыкова өзінің инстаграм парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл жұлдыз белгісі алғашқы минуттан бастап-ақ отбасыны махаббатпен және мейірімділікпен баурап алады. Оны барлық тума-туыс бірден жақсы көріп қалады. Ол өзінің ең керемет аспаздық қабілеттерін көрсетеді және өзін адал, салмақты және жұмсақ ұстайды. Қалай ойлайсыз, бұл қай жұлдыз белгі? Бұл балықтар", - деді Индира Садыкова.

А. Жапатова