Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы тағы бір орден алды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы "Қабарда-Балқар Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қабарда-Балқар Республикасы басшысы Қазбек Коков Telegram-дағы ресми арнасында айтты.

"Бүгін мен Ахмат-Қажы Қадыровтың немересі, Рамзан Ахматұлының ұлы Адам Рамзанұлын "Қабарда-Балқар Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапаттадым", - деді Коков.

Адам Рамзанұлы Нальчик қаласына Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты, Ресей мен Шешен Республикасының батыры Адам Делимхановпен бірге келді.

Еске салайық, қазанның басында Адам Қадыровқа "Шешенстан Республикасының Батыры" атағы берілді, ал бірнеше аптадан кейін ол "ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін" "Дуслық" орденімен марапатталды.

Жақында 15 жастағы Адам әкесінің қауіпсіздік қызметінде "маңызды қызметке" тағайындалған еді. 

Айта кетейік, бұған дейін Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалғаны хабарланған еді. 

Рамзан Қадыров Telegram-арнасында 2 қазанда үкімет отырысын өткізгенін айтты. Ол премьер-министр Муслим Хучиев пен Шешенстан Республикасы Парламентінің төрағасы Магомед Даудовтың баяндамаларын тыңдады. 

"Кездесу барысында Мүслім Магомедұлы Шешенстан Республикасының Мәдениет министрі қызметін атқарған Айшат Қадырованы Шешен Республикасы Үкіметі төрағасының әлеуметтік блок бойынша орынбасары қызметіне тағайындау туралы ұсыныс жасады. Мен Мүслім Хучиевтің ұсынысын қолдадым. Сөзсіз, Айшат Қадырованың облыстық Мәдениет министрлігінің жұмысын жақсартуға қосқан үлесі, жинақталған тәжірибесі мол", - деп жазды Қадыров.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!