Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
Фото: instagram.com/ayshatkadyrova

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы Айшат Шешенстан үкіметі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рамзан Қадыров Telegram-арнасында 2 қазанда үкімет отырысын өткізгенін айтты. Ол премьер-министр Муслим Хучиев пен Шешенстан Республикасы Парламентінің төрағасы Магомед Даудовтың баяндамаларын тыңдады. 

"Кездесу барысында Мүслім Магомедұлы Шешенстан Республикасының Мәдениет министрі қызметін атқарған Айшат Қадырованы Шешен Республикасы Үкіметі төрағасының әлеуметтік блок бойынша орынбасары қызметіне тағайындау туралы ұсыныс жасады. Мен Мүслім Хучиевтің ұсынысын қолдадым. Сөзсіз, Айшат Қадырованың облыстық Мәдениет министрлігінің жұмысын жақсартуға қосқан үлесі, жинақталған тәжірибесі мол", - деп жазды Қадыров.

Айта кетейік, Айшат Рамзанқызы Қадырова 1998 жылы 31 желтоқсанда Шешен Республикасы, Курчалоев ауданы, Центорой ауылында дүниеге келген. Ол Шешен мемлекеттік университетін бітірген, 2016 жылдан бері Firdaws сән үйінің директоры, 2021 жылғы қазанда Шешенстанның Мәдениет министрі қызметіне тағайындалды. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Шенген визасымен қай елдерге баруға болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек