Блогер кездесуге барып, қыздың ешкім күтпеген әрекетіне таңғалды

Блогер кездесуге барып, қыздың ешкім күтпеген әрекетіне таңғалды
Фото: TikTok

Закир есімді блогер TikTok-та қызбен бірінші кездесуге барған кезде болған қызық оқиғасы туралы айтты. Оның сөзінше, қыз бірінші кездесуге ата-анасын ала келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Кезекті сұмдық кездесу", - дейді блогер. 

Блогердің сөзінше, ол Приянка есімді қызбен танысуға арналған сайт арқылы танысқан. Артынша қыз кездесуді ұсынған. Екеуі де Үндістаннан екен.   

Ролик авторының сөзінше, қыз жігіттен бұрын мейрамханаға келіп, орын таңдап қойған. 

"Ол мені мейрамхана алдында күтіп алды, өзі сондай керемет болып тұрды. Біз ішке кірдік. Ол біз отыратын жерді көрсетті. Ол жерде тағы екі адам отыр екен", - дейді блогер. 

Артынша кездесуге келген қыз бейтаныс екі адам - ата-анасы екенін айтқан. 

"Приянканың әкесі маған сұрақтар қойып, қызына деген көңілім туралы, жұмысым туралы сұрады", - дейді Закир. 

Оның сөзінше, кездесу тергеу секілді өткен. Дегенмен блогер қыздың әкесіне жұмысы туралы айтып берген. 

"Ол маған суық қарап, менің ата-анама хабарласып, кездесуге келуін сұрады. Бірақ мен олар қалада тұрмайтынын және олар келе алмайтынын айттым. Артынша олар орнынан тұрып, кетіп қалды", - дейді блогер. 

@zockr another dating nightmare #fyp #dating #arrangedmarriage #storytime ♬ original sound - zakir

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина