Жантүршігерлік жайт: 17 жастағы қызды зорлаған 11 адамның 4-еуі ғана сотталды

Жантүршігерлік жайт: 17 жастағы қызды зорлаған 11 адамның 4-еуі ғана сотталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Өзбекстанда Хорезм облысының соты кәмелетке толмаған баланы топтасып зорлау ісі бойынша үкім шығарды. Алайда қылмысқа барған 11 адамның 4-еуіне ғана үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Nemolchi.Uz мәліметінше, оқиға биыл сәуірде Хорезм облысында болған. 11 ер адам 2006 жылы туған қызды зорлаған. Жәбірленушінің туыстары жергілікті полиция бөлімі мен прокуратураға арыз жазғанымен, олар істі жабуға тырысқан. 3 адам бұрынғы балалар омбудсмені Әлия Юнусованың арқасында ғана ұсталған.

Сот үкімі бойынша, 3 айыпталушы 11 жылға, ал 1 сотталушы 10 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Алайда басқалары жазасыз қалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек