Пайдалы дәмдеуіш: даршын қант диабеті ауруына шалдығудың алдын алатынын білесіз бе?

Пайдалы дәмдеуіш: даршын қант диабеті ауруына шалдығудың алдын алатынын білесіз бе?
Фото: Racool_studio/Freepik

Даршын(корица) көптеген тағамға дәм қосады. Сонымен қатар диетолог Андра Шмидт айтуынша, даршын жағымды иіс пен дәмнен басқа, денсаулыққа да жағымды әсері бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біріншіден, даршын жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды. "Эндокриндік қоғам журналында" жарияланған зерттеуге сәйкес, күніне бірнеше грамм даршын қандағы LDL холестерині мен триглицеридтердің деңгейін төмендетеді.

Сондай-ақ, даршын эфир майлары мен антиоксиданттардың арқасында қабынуға қарсы әсер етеді. Дәмдеуіштің спазмолитикалық әсері де бар, ол метеоризмнің және асқазан-ішек жолдарының бұзылуының алдын алуға көмектеседі.

Ақырында, даршын қандағы қант деңгейіне үлкен әсер етеді, сондықтан оны алдын алу мақсатында қант диабетін емдеу үшін қолдануға болады.

Айта кетейік, бұған дейін даршынның арықтауға көмектесетіні туралы хабарланған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың тұсауын неге ала жіппен кеседі?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә