Сурет, видеоларымды рұқсатсыз әлеуметтік желіге салса, не істей аламын? Заңгер жауап берді

Сурет, видеоларымды рұқсатсыз әлеуметтік желіге салса, не істей аламын? Заңгер жауап берді
Фото: advgazeta.ru

Сурет, видеоларымды рұқсатсыз әлеуметтік желіге салса не істей аламын? Заңгер Бердімұрат Хасенұлы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Азаматтық кодекстің 145-бабы бойынша біреудің суретін, видеосын әлеуметтік желіде, оның рұқсатынсыз таратуға ешқандай құқық жоқ. Егер ол суреттің астында сіздің құқығыңызды қорлайтын, мәртебеңізді түсіретін сөздер жазылса немесе жалған ақпарат таратылса, онда ол адамның үстінен қылмыстық іс қозғауға болады. Сондықтан, біреудің суретін таратпас бұрын және оны суретке түсірмес бұрын рұқсат алған жөн. 

@zanger.berdimurat Көбіміз білеміз, қазіргі кезде көшеде фотоға түсіру, видеоға түсіру көп. Алайда оның да салдары бар. Тіпті балағаттайтын сөздер жазса, сіз оны сотқа бере аласыз #заңгер #юрист #құқық #рекомендации #рек #просрочка #рекомендации❤️ #банк #снимки ♬ Chill Vibes - Tollan Kim

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы