Көзіңіз шаршап, таңертең ісіп тұра ма? Мына 3 жаттығу көмектеседі

Көзге арналған жаттығуларды жасау көзілдірік тағатындарға ғана емес, көру қабілеті жақсы адамдарға да көмектеседі. Мариинск ауруханасының көз микрохирургиясы бөлімінің офтальмологы көру қабілетін қолдап, сондай-ақ көздің ісінуі мен шаршауын басуға көмектесетін 4 қарапайым жаттығуды көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Кеңседе ұзақ уақыт бойы монитор алдында отыру, көзге түсетін ауырпалықты күшейтеді. Сондықтан, көз қатты шаршамай, көру қабілетін сау жағдайда ұзақ сақтау үшін түрлі амалдар жасау керек. Оның бірі - қарапайым жаттығу.

  1. "Әйнектегі белгі" жаттығуы көру қабілетін жаттықтыруға көмектеседі. Әйнекке маркер не басқа қаламмен бір нүкте салыңыз. Алдымен сіз әйнектегі нүктеге назар аударасыз, содан кейін көзқарасыңызды терезе сыртындағы алыс объектіге, яғни ағаш, ғимарат, өтіп бара жатқан адамға аударыңыз. Бұл жаттығуды сыртта жасауыңызға да болады, таза ауада дем алыңыз, сонымен бірге көзқарасты жақын жерден алыс объектіге және артқа ауыстырып отырыңыз.
  2. "Перде" жаттығуы тіндердегі қан айналымын жеделдетуге көмектеседі. Көзіңізді 2 минут ішінде жылдам және жиі жыпылықтауыңыз керек, бірақ қабақтарыңызды қыспаңыз.

  3. "Массаж" жаттығуы тіндердегі сұйықтықтың айналымын тездетеді және ісінумен күресуге көмектеседі. Әр қолдың үш саусағымен 2 көздің қабағын ақырын басыңыз, бірақ артық қысым жасамаңыз, жанасу тек бір секундқа созылуы керек. Массажды 5 рет қайталаңыз.

  4. Көзге арналған гимнастика. Көзбен елестетіп, ойша квадрат сызыңыз, содан кейін квадраттың бұрыштарын диагональдармен қосыңыз. Әрі қарай, шеңбер сызыңыз, оны алдымен бір жағына, содан кейін екінші жағына қозғалтыңыз. Сонымен қатар, басқа геометриялық фигураларды да салуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін басыңыз айналатын болса, тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Химиялық таңба және химиялық формула нені білдіреді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!