Басыңыз айнала ма? Тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу

Басыңыз айнала ма? Тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу
Фото: freepik.com

Кейбір адамдарды көз алдында тұман пайда болып, бас айналу жиі мазалайды. Мариинск ауруханасының оңалту және қалпына келтіру бөлімінің ЕДШ нұсқаушысы Илья Тарасов бас айналудан арылуға көмектесетін 3 қарапайым жаттығуды көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Бұл 3 жаттығуды кез келген жерде жасай аласыз, тек орындық қолжетімді болса жеткілікті.

  1. Бастапқы позиция: орындыққа отырыңз, арқаңызды тік ұстаңыз, саусақтарыңызды шамамен 30 сантиметр қашықтыққа алға қарай созыңыз. Саусақтарыңыздың ұштарына назар аударып, олардан көзіңізді алмай, басыңызды баяу оңға және солға бұра бастаңыз. Жаттығуды 15-30 рет орындаңыз;
  2. Орындыққа отырыңыз, арқаны тік ұстаңыз. Алақандарыңызды иығыңыздың енінен шамамен 30 сантиметр қашықтықта созыңыз. Көзіңізді бір алақаннан екіншісіне баяу ауыстырыңыз. Егер бұл сізге оңай болса, назарыңызды саусақ ұшына қойыңыз. Мұны 15-30 рет орындаңыз;
  3. Орныңыздан тұрып, аяғыңыз иық енінде тұрсын, қолдар тігістерге басылады. Бір нүктеге назар аударыңыз. Әрі қарай, таңдаған нүктеден көзіңізді алмай, шеңбер бойымен баяу жүріңіз. Содан кейін кері бағытта айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Мұны әр бағытта 15-30 рет орындаңыз.

Айта кетейік, бұған дейін жақсы ұйықтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу туралы хабарланған еді.

Жаттығуды ұйықтар алдында тікелей төсекте жатып жасауға болады. Маман табыстың кілті - орындалудың жүйелілігі екенін ұмытпауға кеңес берді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең жиі және ең сирек кездесетін қан топтары қандай?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә