Министр "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауы өзгеруі мүмкін екенін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауы өзгеруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл компания Қазақстан меншігіне өткен соң Үкімет оның орнына ешқандай шетелдік инвесторды тартуды қарастырып отырған жоқ. Жаңа инвестор келгенде, компаниядағы барлық қызметкер саны, жалақысы, еңбек шарты өзгермейді", - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Ол "АрселорМиттал Теміртаудың" атауы өзгеруі мүмкін екенін де мәлімдеді.

"Компанияның қазіргі басшысы ауысса, оның атауы өзгереді. Компанияның жаңа атауы қандай болатынын жұмыс істейтін қызметкерлермен ақылдасу арқылы шешкен жөн деп ойлаймыз", - деді министр.

Қанат Шарлапаевтың айутынша, былтыр "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 3 миллион доллар пайда тапқан. Сондықтан ол өз жұмысын жалғастыра беретініне күмән жоқ.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында министрге "Серік Ахметов (бұрынғы премьер-министр, қорғаныс министрі - еск.) "АрселорМиттал Теміртауға" инвестор болады деген ақпарат қаншалық рас?" деген сұрақ қойылды.

Ол бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмады.

"Қазір нақты инвестор туралы пікір білдіре алмаймын. Активке шетелдік инвестор тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Соны айта аламын", - деді Қанат Шарлапаев.

Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!