Қарағандыдағы шахтада жарылыс кезінде қаза тапқан соңғы кеншінің денесі табылды

Қарағандыдағы шахтада жарылыс кезінде қаза тапқан соңғы кеншінің денесі табылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жаралыстан қаза тапқан 46-кеншінің денесі табылды. Бұл туралы сейсенбі күні үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Бүгін іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-адамның адамның дене бөлшектері табылды. Қаза болған 40 адамның жеке басы анықталды, алтауының кім екені анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптамалар жүргізіледі.

Электр энергиясының болмауы, тау-кен қазбаларының ұзындығы, көп бұзылған механизмнің болуы іздеу жұмыстарын қиындатты. Су басқан жекелеген кен орындарында жұмыс істеу қиын болды", - деді Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында.

"Ақша түссе болды, басқасына бас қатырмайды": қазақстандықтар опат болып жатқан "АрселорМиттал Теміртау" туралы не белгілі?

Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек