Астанада жарық қашан қосылатыны белгілі болды

Астанада жарық қашан қосылатыны белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz

Астана әкімдігі қаланың бірнеше ауданында жарықтың сөніп қалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, коммуналдық қызметтер Астанадағы апатты жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Елордада үйлердің бір бөлігі желілердегі апатқа байланысты электр қуатынсыз қалды. Жергілікті жерде авариялық қызметтер жұмыс істеп жатыр. 

"Қазіргі уақытта апаттың себебін жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жергілікті жерде коммуналдық қызметтер жұмыс істейді. Электр қуаты шамамен 30 минут ішінде қалпына келтіріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды: министрлік себебін түсіндірді

Еске салайық, бүгін Астананың бірнеше ауданында бір мезетте жарық өшіп қалған болатын. Бұл туралы астаналықтар әлеуметтік желіде хабарлай бастаған. Жарықтың басым бөлігі оң жағалаудағы үйлерде өшіп қалған. Сонымен қатар, су да тоқтап қалған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина