Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды: министрлік себебін түсіндірді

Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды: министрлік себебін түсіндірді
Фото: Tengrinews.kz

Энергетика министрлігі астананың бірнеше ауданының жарықсыз қалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Астана-Энергия" ЖЭО 2-де қысқа тұйықталу салдарынан генерацияның толық төмендеуі байқалды", - делінген хабарламада.

Жарық сағат 21:58-де сөніп қалған. Ведомствоның мәліметінше, нақты себеп анықталып жатыр.

Еске салайық, бүгін Астананың бірнеше ауданында бір мезетте жарық өшіп қалған болатын. Бұл туралы астаналықтар әлеуметтік желіде хабарлай бастаған. Жарықтың басым бөлігі оң жағалаудағы үйлерде өшіп қалған. Сонымен қатар, су да тоқтап қалған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина