Қоқыстан көз ашпайсың: қайырымды жандар иті күзетіп жүретін қарияға көмектесті

Қоқыстан көз ашпайсың: қайырымды жандар иті күзетіп жүретін қарияға көмектесті
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде иті бар қарияның видеосы көп тараған еді. Қайырымды жандар қиын жағдайдағы қарияның үйін тазалауға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрзат Дүйсенбай есімді әлеуметтік желі қолданушысы досымен бірге зейнеткердің үйінің маңын тазалап беруді ұйғарған. Ол бұл процесстің бәрін парақшасында жариялады.

"Бәрі Тараздағы иті бар қарияны білетін шығар. Видеоны көріп қалып, атаның жағдайын біліп, үйін тазалап берейік деп шештік. Бірінші күн қоқыс өте көп болды. Төрт қап қоқыс жинадық. Қоқыс контейнерін таппай ауланың ішіне ертеңге дейін қоя тұрайық дедік. Екінші күн, сағат 10:00. Ит барлық қоқысты шашып тастаған. Бұрын оны үйдің ішіне қамайтынбыз. Ол кенет шабуыл жасай бастады. Иістен жұмыс істеу қиын болды. Үлкендер лас жерде жындар болады дейтін. Қауіпсіздік үшін Құран қосуды ұйғардық. Ит тынышталып қалды, ертерек қосу керек еді. Әзірше 25 қап қоқыс жинадық. Бұл қоқыстың тек 1/5-і. Ал нәтиже міне. Қалған қоқысты келесі күні тазалаймыз", - дейді ол видеода.

@marriion_off

?❤️

♬ Shootout (Slowed + Reverb) - Izzamuzzic & Julien Marchal

Сонымен қатар, олар үйге керек заттарды, арнайы жылытқышты да сатып алған.

"Иті бар атаның үйін тазалауға керек-жарақтарды алып жатырмыз. ИншАллах ата жылы үйде тұрады", - деп жазған ол видеода.

@marriion_off

(Видео закуп) Ин Ша Аллах дедушка будет жить в теплом доме)

♬ оригинальный звук - НУРЗАТ ДУЙСЕНБАЙ

Нәтижесінде қайырымды жандар 73 қап, 4 үлкен жайма қоқыс жинап, қарияның таза, ыңғайлы жерде тұруына жағдай жасаған. 

@marriion_off

Реквизиты: 8747-797-42-17. Асхат.Д.

♬ оригинальный звук - НУРЗАТ ДУЙСЕНБАЙ

Әлеуметтік желі қолданушылары немқұрайды қарамаған жанашыр жандарға алғыс білдірген.

"Осындай жігіттер барына рақмет", "Ит те қайырымды іс істеп жатқандарыңызды түсінді", "Жарайсыздар!", "Қолдарың дерт көрмесін", "Алла тағалам сендерді екі дүниеде де бақытты етсін, бауырлар", - дейді олар.

Еске салайық, әлеуметтік желіде арбада отырған қарияға көмектескен иттің видеосы тараған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова