"Қожайынына сондай адал". Желіде арбада отырған қарияға көмектескен иттің видеосы тарады

"Қожайынына сондай адал". Желіде арбада отырған қарияға көмектескен иттің видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде арбада отырған ер адамға ит көмектесіп жатқаны көрінетін видео тарады. Жантебірентер көрініс Желі қолданушыларын тәнті еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда мүмкіндігі шектеулі жан арбада отырғаны көрінеді. Ал ит оған келіп көмектесіп, артынан итереді.

"Иттер де адал дос бола алады. Мүгедек қарияға көмектескен ит көптің жүрегін елжіретті. Адамның нағыз досы иттер әрқашан шынайы достар болған және бұл бейне мұны нақты дәлелдейді", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's ?? (@zhuldyzdy_news)

Қазнеттегілердің бірі бұл видео Таразда түсірілгенін айтқан.

"Иә, бұл итті өзім көріп таңданып сүйсінгенмін, солардың артынан еріп жүре бергенімді сезбей қалдым, біздің Тараздың тұрғыны ғой бұлар, өзінің қожайынына сондай адал ит қой", "Итті құрметтеймін. Осындай итің болса ғой", "Қандай керемет", "Ит - адамның досы", - дейді Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова