Ақтөбеде бір мезетте 12 көлік соқтығысты

Ақтөбеде бір мезетте 12 көлік соқтығысты
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ақтөбеде бір мезетте 12 көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Оқиға "Сельмаш" ауданындағы көпір үстінде болған. Көліктердің көбі жазғы дөңгелекпен жүргендіктен, жүргізушілер дер кезінде тоқтай алмай қалған. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Кейінгі екі тәулік өңірде ауа райы құбылып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, кей аймақтарға тұман түскен. Сондықтан жол сақшылары алыс жолға шыққанда сақ болу қажет екенін ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде көшелерді су басқаны хабарланған еді. Кеше Ақтөбеде кеше ауа райы күрт өзгерді. Қар жауып, оның соңы жаңбырға ұласты.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында қатты жауын-шашын (көбіне жаңбыр) күтілетіні хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова