"Көл болып жатыр". Ақтөбеде көшелерді су басты

Фото: әлеуметтік желі

Ақтөбеде жаңбыр жауса тұрғындардың көшеге шығуы мұңға айналады,— деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбеде кеше ауа-райы күрт өзгерді. Қар жауып, оның соңы жаңбырға ұласты. Ал жаңбыр жауса қаладағы бірқатар аудандардың көшелері суға толып, адам түгілі көлік жүре алмайды. Бүгін таңнан бері жауған жаңбырдан қаланың Батыс-2 ықшам ауданындағы бірнеше көшені су басты. Тұрғындар жанайқайын әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатыр. Әсіресе Мұстафа Шоқай, Алтын орда көшелерінде көліктер суға "жүзіп" жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мкр Батыс 1⭐️ 2⭐️3⭐️ (@batys__2_aqtobe)

"Суағар қайда? Көктемде қалай болады? Кішкентай жаңбыр, қар жауғанға осындай болып жатыр. Бітеліп жатыр. Су жүрмейді. Жолдың жобасы, суағар дұрыс емес. Ештеңе көрінбейді. Көл болып жатыр. Жаны ашитын адам бар ма?",— дейді видеоны түсірген тұрғынның бірі.

Бейнежазба Instagram-дағы Batys_2_aqtobe парақшасында жарияланған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мкр Батыс 1⭐️ 2⭐️3⭐️ (@batys__2_aqtobe)

Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болат Серіковтің айтуынша, қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшкен.

"Қала аумағындағы су жиналатын жерлерді жаңбыр суынан тазарту, оны бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір 50-ден астам ассенизаторлық машина жұмыс істеп жатыр, жауын-шашын үдей түссе, техника саны ұлғаяды. Сондай-ақ,  Батыс-2 шағын ауданы оның ішінде Мұстафа Шоқай көшесіндегі суағарларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан, жауын салдарынан жиналған су жолға қарай жайылды. Себебін анықтаған кезде біреулер суағарларды құрылыс материалдарының қалдықтары,  қоқыстарымен бітеп кеткен", - деді Болат Серіков. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта суағарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәмшат Сексенбайқызы

А. Жапатова