Қарағандыдағы шахтадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды ​​облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаларға 18 адам жеткізілген. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қажетті маманмен консилиум өткізілген.

"15 адам Оңтүстік-Шығыстағы Х. Ж. Мақажанов клиникасына көміртегі тотығымен улану, біреуінде ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен улану, қалғандарында жеңіл және орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды; екеуі Михайловкадағы Х.Ж. Мақажанов клиникасында: біреуі реанимацияда ауыр жағдайда, екіншісі операциядан кейін травматология бөлімінде", - делінген жауапта. 

Стационарға 17 адам ауруханаға жатқызылды, бір адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 21-ге жетті. 

ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды. 

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев  "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. 

Енді "АрселорМитталТеміртау" Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді. 

"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!