"Келінге робот немесе құл секілді қарайды". Мобилограф Қыран Талапбектің экс-әйелі жан сырын ақтарды

Әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова театрдағы жаңа кейіпкері туралы жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актриса Оян бағдарламасына берген сұхбатта айтты. Өнер иесі театрда бағын сынап, қойылымда кенже келіннің рөлін ойнаған.

"Меніңше, кейіпкерімнің мінезі өзіме сәл ұқсас. Бірақ ол маған қарағанда позитивті тұрғыда. Ал мен шын өмірде өте салмақты адаммын. Сондықтан бұл жағдайдан шығып жатырмын. Ерекше, күшті сезім. Өкінішке қарай, бұл әлемде стереотип көп. Үйге келін келсе, оны робот немесе құл секілді қарайды. Меніңше, бұл дәстүр, қағида бірте-бірте жойылуы керек. Қазақта "Еңкейгенге - еңкей. Шалқайғанға - шалқай" деген жақсы сөз бар", - деді Айжұлдыз Адайбекова.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Айжұлдыз Адайбекова өзінің жүкті образын көрсетіп, жұртты алаңдатып қойған еді. Өнерпаз туралы сіз бен біз білмейтін 12 дерек.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!