"Гендер пати қашан?" Жанар Айжанованың қызы жүкті суретін жариялады

"Гендер пати қашан?" Жанар Айжанованың қызы жүкті суретін жариялады
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Актриса Жанар Айжанованының қызы Айжұлдыз Адайбекова өзінің екінші рет аяғы ауыр екенін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса Айжұлдыз Адайбекова бұл туралы өзінің instagram парақшасында жариялады. 

"Есікті ашқан мен. Себебі кілті менде", - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)

Желі қолданушылары актрисаның бұл суретіне түрлі пікір білдірді. "Гендер-пати қашан?", "Қанша айлық?", "Қызды боласыз", "Өте әдемі жарасады екен", "Құттықтаймын", - деп жазған желі қолданушылары. Желідегілер арасында Адайбекованың бұл жаңа фильмдегі рөлі екенін түсініп үлгергендер де бар.

Дегенмен актриса бұл кезекті түсірілімдегі сурет екенін аңғартқандай және оны түсінген кейбір оқырмандар пікірге мынадай пікір қалдырды. 

"Киноға түсіп жатыр ғой", "Сәбидің кім екенін кинода көреміз", "Кино шығар, құрсын", "Әдемі жарасып тұр бірақ кино екені анық", - деп жазды актрисаның оқырмандары. 

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы некесінен бір ұл тәрбиелеп отыр. Сонымен қатар актриса жақында қайтадан үйленген бұрынғы күйеуінің отбасы құруына қатысты пікір білдірген болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы