Бухгалтердің кесірінен декреттік төлемді ала алмасаңыз не істеу керек?

Бухгалтердің кесірінен декреттік төлемді ала алмасаңыз не істеу керек?
Фото: Tengrinews.kz

Бухгалтердің кесірінен декреттік төлемді ала алмасаңыз не істеу керек? "Диапазон" басылымына заңгер түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бухгалтер қате жіберіп, декреттік төлемді ала алмай отырмын. Қатесін түземей жатыр. 5 қыркүйекте декреттік демалысқа кеттім, бірақ төлем әлі қолыма түспеді. Оны мектеп директоры да бейқам отыр", - дейді оқырман. 

Заңгер Алена Дуляның сөзінше, басшылыққа жазбаша түрде өтініш жазу керек.

"Себебі өтініш жазғаныңызды дәлелдей алмауыңыз мүмкін. Адресат сіздің хатыңызға заңда белгіленген мерзімде жауап беруі керек. Жауап бермеген жағдайда адресат жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, сотқа жүгінуге болады. Бірақ тек басшылыққа жазбаша хат жазып, оған жауап ала алмаған жағдайда ғана сотқа жүгіну керек. Одан бөлек, сіз еңбек инспекциясы мен прокуратураға жүгіне аласыз", - дейді маман. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина