Қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау үшін тапсыру керек 4 медициналық талдау

Жыл сайын дүние жүзінде миллиондаған адам қатерлі ісік диагнозымен бетпе-бет келеді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір қатерлі ісік емделеді, тек ол үшін уақытында ем алу керек. Диспансерлеу және уақытылы талдау өте маңызды, дейді диагност Ольга Малиновская, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін қандай талдау тапсыру керек?

Простатикалық спецификалық антиген (PSA). Бұл қан анализі негізінен 50 жастан асқан ер адамдарға тағайындалады. Ол ең сезімтал ісік маркерінің бірі, простата обыры мен оның қатерсіз ісіктерінің (аденомалар) бар екенін көрсете алады.

Жатыр мойны обырының даму қаупін анықтауға арналған скрининг. Ол үшін ПАП-тест және HPV-тест керек. Біріншісі жатыр мойны обырын анықтауға арналған диагностиканың "алтын стандарты". Дәрігер цитологияға медициналық қырғышты жібереді, талдау қатерлі ісікке дейінгі жағдайға тән атипті жасушалардың бар-жоғын көрсетеді.

Ал адам папилломавирусын анықтау үшін HPV-тесті қажет, өйткені оның кейбір түрі қауіпті патологияның даму ықтималдығын арттырады.

Нәжісті жасырын қанға талдау. Бұл колоректальды қатерлі ісік скринингі үшін қажет. Талдау ұзақ уақыт бойы байқалмайтын жасырын ішкі қан кетуді анықтайды. Мұндай талдауды 45 жастан кейін ерлер де, әйелдер де тапсыруы керек.

Сүт безі қатерлі ісігіне генетикалық бейімділікті анықтау. Бұл әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурудың бірі, бірақ ол ерлерде де кездесуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. BRCA1 және BRCA2 гендегі мутация зерттеуі отбасында ауруға бейімділігі бар адамға ұсынылады. Тәжірибеге сәйкес, туыс арасында қатерлі ісіктің осы түрімен ауыратын кем дегенде бір ер адам болған немесе ісік ерте 45-50 жаста анықталса, міндетті түрде тексерілу қажет.

"Скринингтік тексеруден өтпес бұрын дәрігермен кеңесу керек. Талдауды өзіңізге өзіңіз тағайындаудың қажеті жоқ, олай сіз тек уақыт жұмсайсыз, сонымен қатар дұрыс емес нәтиже көрсеңіз, алаңдай бастайсыз. Алайда нормадан ауытқу патологиялық процестің белгісі емес, науқастың жеке ерекшелігі болуы да мүмкін", - деп қорытындылады Ольга Малиновская.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер қатерлі ісіктің өлімге әкеп соғатын түрінің "көрінбейтін" белгісін атағаны туралы хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның көзі неге тоңбайды?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!