Тұмау деп қабылдауыңыз мүмкін: дәрігер қатерлі ісіктің өлімге әкеп соғатын түрінің "көрінбейтін" белгісін атады

Тұмау деп қабылдауыңыз мүмкін: дәрігер қатерлі ісіктің өлімге әкеп соғатын түрінің "көрінбейтін" белгісін атады
Фото: pixabay.com

Қатерлі ісік - әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебінің бірі. Leukemia UK-ның атқарушы директоры Фиона Хазелл, лейкемия сияқты қан қатерлі ісігінің өлімге әкелетін түрі "көрінбейтін" белгі тудыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Express-ке сілтеме жасап.

Лейкоздың жиі кездесетін белгісінің бірі - шаршау. Мамандардың айтуынша, науқастардың 50 пайыздан астамы қатты шаршайтынын және шаршау сезімі басылмайтынын айтып шағымданады екен.

Мұндай шаршау өте ұзақ уақытқа созылып, тіпті демалғаннан кейін де кетпейді. Сарапшы мамандар мұндай белгіні суық тиюмен шатастырып, жиі елемейтінін айтты. Фиона Хазелл адамдарға өз денесін тыңдап, шаршау ұзақ уақыт кетпесе, дәрігерге қаралуға кеңес берді.

Сондай-ақ, адамның лейкомияға шалдыққанын оңай пайда болатын көгеру, қан кету, дене қызуы, түсініксіз жағдайда салмақ тастау, ентігу, лимфа түйіндерінің ісінуі секілді белгілер көрсетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін  тері қатерлі ісігін көрсететін ең қауіпті белгі  туралы хабарланған еді. Француз дәрігері, дерматолог Тьерри Пассерон балауыз тәрізді төмпешіктерге ұқсас терінің тітіркенуі немесе қызыл қабыршақтың пайда болуы терінің қатерлі ісігін көрсетуі мүмкін екенін ескертті

Тағы да оқи отырыңыздар: Эпилепсияның емі бар ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә